02.09.2026ж
Бос лауазымына тағайындау үшін конкурс жарияланады!!!
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№59 “Ақбөбек” бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос лауазым орнына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегідей лауазым бойынша өткізіледі.
Қазақ тілі маманы-1орын
Орналасқан жері: Атырау қаласы, Ақжар ауылы, М.Маташов көшесі, 26 үй.
Байланыс телефоны: 8 (7122) 39-70-59, 87014668568
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.
Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияға мынадай құжаттар ұсынуы тиіс:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервісінен алынған электронды құжат (идентификация үшін).
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен -жайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса).
4) Педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық және наркологиялық ұйымнан анықтама.
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі –ҰБТ) немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
