№59 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында 2026 жылғы 31 тамыз күні жаңа оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің тақырыбы:
«2026-2027 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағыттары: Сапалы білім. Адал азамат. Цифрлық технологиялар»
Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылындағы басты міндеттер, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи бағыттары, сапалы білім берудің тиімді жолдары, бала бойына адалдық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.Жаңа оқу жылын жаңа идеялармен, тың ізденіспен, шығармашылық серпінмен және бірлікпен бастай отырып, әр тәрбиеленушінің сапалы білім мен тағылымды тәрбие алуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз!
Барша педагогтерге жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, ізденіс, шабыт және толағай жетістіктер тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Жаңа белестерге бірге қадам басайық!
#Ақбөбек #ПедагогикалықКеңес #ЖаңаОқуЖылы #СапалыБілім #АдалАзамат #ЦифрлықТехнология #20262027ОқуЖылы
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | пед кеңес 2026-2027 |